Көкпардан Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан күміс жүлдеге ие болды. Финалда Қырғызстан 7:2 есебімен жеңіске жетті.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан күміс жүлде алды. Жарыс Қырғызстанда өтіп жатыр.
Финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары алтын жүлде үшін бақ сынасты. Тартысты өткен бәсекеде алаң иелері 7:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қырғызстан көкпардан чемпион атанса, Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұған дейін қос құрама көкбөріден де финалда кездескен еді. Онда Қырғызстан Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көкбөріден де финалда Қырғызстанға есе жіберді.




