Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ҚМДБ садақа дастарханын жаюға қатысты пікір білдірді

ҚМДБ садақа дастарханын жаю дәстүріне қатысты түсініктеме берді. Бас имам Қайырбек Отызбаев бұл рәсімді бидғат деп жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

ҚМДБ садақа дастарханын жаюға қатысты пікір білдірді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) садақа дастарханын жаю дәстүріне қатысты ресми түсініктеме берді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

Қызылорда қаласындағы «Мүсірәлі ата» мешітінің бас имамы Қайырбек Отызбаевтың айтуынша, марқұмды еске алып, Құран бағыштап, садақа жасау, жеті шелпек пісіру – қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан діни әрі дәстүрлі үрдіс.

Имам садақа дастарханын жаюды «бидғат» деп үзілді-кесілді жоққа шығаруға болмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, кейбір діни ағым өкілдері шариғат талаптарына қатысты өз түсінігін негізге алып, қазақтың дәстүрлі діни рәсімдерін қате бағалап жүр.

«Қазақ халқы дүниеден өткен жақынын еске алып, Құран бағыштап, құрбан шалып, шамасына қарай садақа берген. Соның кең тараған түрлерінің бірі – дастархан жайып, ағайынның батасын алу», – деді Қайырбек Отызбаев.

Оның пікірінше, мұндай мәселелерді талқылағанда діни білім мен дәстүрдің сабақтастығын ескеру маңызды. Сондай-ақ қоғам арасында діни мәселелерге қатысты дау мен алауыздықтың алдын алу қажет.

ҚМДБ өкілінің айтуынша, садақа жасаудың мақсаты – марқұмды еске алып, сауап ниетімен жақсылық жасау және ағайынның басын қосу.