Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Кенжебек Жанәбілов дәрігерлерге алғысын білдірді

Кенжебек Жанәбілов ауруханада ем қабылдап жатқанын және дәрігерлерге алғысын білдіргенін хабарлады.

Кенжебек Жанәбілов дәрігерлерге алғысын білдірді
Сурет: aikyn.kz

Өнер иесі Кенжебек Жанәбілов ауруханада ем қабылдап жатқанын және денсаулығына қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялағанын хабарлады.

Ол өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіріп, ота кезінде кәсіби қолдау көрсеткен мамандарға ризашылығын жеткізді.

«Менің тілеуімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін Алла мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, отаның сәтті өтуіне үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз. Қазақта да білікті маман жетеді! Барлықтарыңызды құшақтадым!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің әріптесі әрі досы Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне ота жасалғанын хабарлаған еді.