Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
18 қазан 2026, жексенбі USD 452,1 EUR 509,0 RUB 5,41 CNY 67,6 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Кенияда Эбола вирусын жұқтырғандар саны жетіге жетті

Кенияда Эбола вирусын жұқтырғандар саны жетіге жетті
Сурет: baq.kz

Кенияда Бундибуджо түріндегі Эбола вирусын жұқтырудың тағы төрт жағдайы расталып, елдегі науқастардың жалпы саны жеті адамға жетті. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.

Кения Денсаулық сақтау министрлігінің 17 қазандағы мәліметіне сәйкес, жаңадан вирус жұқтырғандардың арасында Эболадан қайтыс болған алғашқы науқастың жақын туысы және оған ауруханада медициналық көмек көрсеткен үш медицина қызметкері бар. Бұл туралы ведомствоның денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бас директоры Патрик Амо мәлімдеді.

Қазіргі уақытта елде аурудың халық арасында таралуына жол бермеу шаралары күшейтіліп жатыр.

Айта кетейік, Кенияда Эболадан көз жұмған алғашқы адам Конго Демократиялық Республикасында тұрып жатқан осы елдің азаматы болған. Ал Конго Демократиялық Республикасының шығысында аурудың ауқымы бұрын-соңды болмаған өршуі жалғасып жатыр.