Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Қазақстанның Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілуде. «Қазгидромет» қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті.
Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, Алматы мен Ақтөбеде, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) орнайды.
ҚМЖ дегеніміз – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) тіркесуі.
Мұндай кезеңде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластау көздерінің жанында ұзақ тұрудан аулақ болу керек.




