Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 16 облысында 2 қыркүйекке ауа райына байланысты ескерту жарияланды: күшті жел, жаңбыр, найзағай, тұман, үсік және өрт қаупі күтіледі.

Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: inform.kz

2 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Өңірлерде күшті жел, жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Сондай-ақ үсік жүріп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар және қар жауады.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады: түнде батыс пен солтүстікте, күндіз солтүстік, шығыс және орталықта желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Ақмола облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Түнде батыс, солтүстік және шығыста ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Астанада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Шығыс пен таулы аудандарда желдің екпіні 17–22 м/с-қа жетеді. Орталық, батыс және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, батыс пен солтүстікте екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстік, шығыс және таулы аудандарда ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23–28 м/с-қа, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең орталық пен таулы аудандарда тұман түседі. Шығыс пен таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстікте жоғары, оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі бар. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр және қар аралас жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде батыс, солтүстік және шығыста желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстік пен шығыста ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз шығыста желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде шығыста ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Солтүстік-батыста жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз оңтүстік пен орталықта желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр және қар аралас жаңбыр түседі, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыс пен орталықта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Солтүстік пен шығыста желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде оңтүстік пен шығыста желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде шығыста топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.