Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанның 15 өңірінде жаңбыр мен жел күшейеді

Қазақстанның 15 өңірінде 26 тамызда жаңбыр, найзағай, тұман және күшті жел күтіледі. «Қазгидромет» ескерту жариялады.

Қазақстанның 15 өңірінде жаңбыр мен жел күшейеді
Сурет: inform.kz

«Қазгидромет» РМК 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің 15 өңірінде жаңбыр, найзағай, тұман және күшті жел күтіледі.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с болады. Орталық және солтүстік-шығыста жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел таулы аудандарда 18 м/с-қа дейін күшейеді. Орталық, батыс және оңтүстікте төтенше, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік пен шығыста шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысып, солтүстік пен шығыста екпіні 15-18 м/с жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі, шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Шығыста желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Орталық, оңтүстік және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Күндіз батыста және солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Солтүстік-батыста және шығыста жоғары, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз ауа температурасы 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.