Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчында төрелік етеді

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Шкендия» – «Хиберниан» қарымта матчында төрелік етеді. Бас төреші Болат Сәриев.

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчында төрелік етеді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы «Шкендия» (Солтүстік Македония) мен «Хиберниан» (Шотландия) арасындағы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына тағайындалды. Бұл туралы Футбол федерациясы хабарлады.

Қарымта кездесу 13 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Скопье қаласындағы «Тоше Проески» стадионында өтеді.

Бас төреші — Болат Сәриев. Оған ассистенттер Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмектеседі, қосалқы төреші — Данил Горда.

VAR төрешісі — Айдын Тасыбаев, оған венгриялық Тамаш Богнар ассистент болады.

Алғашқы матч Шотландияда өтіп, «Хиберниан» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.