Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық футболшы «Галатасарайға» ауысуын баяндады

Қазақстандық футболшы Джан Ходжаоглу «Галатасарайға» ауысуы туралы айтып берді. Ол бала күнгі клубы үшін ойнауды армандағанын жеткізді.

Қазақстандық футболшы «Галатасарайға» ауысуын баяндады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық жас футболшы Джан Ходжаоглу Түркияның атақты «Галатасарай» клубына қалай ауысқаны туралы әңгімеледі. Ол қазіргі уақытта 19 жасқа дейінгі командада өнер көрсетеді.

Ходжаоглудың айтуынша, «Галатасарай» ол үшін бала күнгі арманы болған. «Бұл менің бала күнгі клубым. Мен олардың матчтарын «Сьонда» ойнап жүргенде де үнемі көретінмін. Былтыр ғана теледидардан тамашалап, кумир санаған футболшылармен қазір аптасына бір рет бірге жаттығамын», – деді ол.

Футболшының айтуынша, клубқа ауысу процесі шамамен бір айға созылған. «Галатасарай» оның ойынынан үзінділерді көргеннен кейін сынаққа шақырған. Бірнеше жаттығудан соң клуб оған келісімшарт ұсынған.

Сондай-ақ, бапкерлер оның Қазақстанның U-17 құрамасындағы ойынына да назар аударған. Әсіресе допсыз қысым жасауы мен алаңдағы жағдайды алдын ала болжай білуі мамандардың көңілінен шыққан.

Қазір «Галатасарай» бапкерлері бойы 186 сантиметр болатын Ходжаоглуды тірек жартылай қорғаушысы ретінде қарастырып отыр. Ол маусым алдындағы дайындықты өткізіп алғандықтан, қазір жеке жаттығулар арқылы бабына келіп жатыр.

Бұған дейін Джан Ходжаоглу Швейцарияның «Сьон» клубында өнер көрсетіп, 10 матч өткізген.