Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында рекорд жаңартып, алтын алды
Қазақстандық ауыр атлет Ерсейіт Бейбарыс Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында U17 санатында рекорд жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға ие болды. Бұл жолы ел намысын қорғаған Ерсейіт Бейбарыс U17 санатында 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, екі жаттығу бойынша да рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы қоссайыста 281 келі нәтиже көрсетіп, алтын жүлдені иеленді. Ол жұлқуда 129 келі, ал серпуде 152 келі көтерді. Бұл көрсеткіш оған Азия чемпионатының жаңа рекордын жасауға мүмкіндік берді.
Жарыстың қорытынды кестесі бойынша үздік үштік мынадай болды:
- Ерсейіт Бейбарыс (Қазақстан) — 281 кг (129+152)
- Нгуен Занх Дай (Вьетнам) — 278 кг (125+153)
- Хига Аю (Жапония) — 256 кг (121+135)
Сонымен қатар Ерсейіт Бейбарыс U20 санатындағы жалпы есепте қола жүлдеге ие болды. Бұл — жас спортшының халықаралық деңгейдегі тұрақты табысты өнер көрсетіп келе жатқанын айғақтайды.
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 14 тамызға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы алдағы күндері де жүлделі орындар үшін күресті жалғастырады.




