Қазақстанда биыл қуаты 2,6 ГВт жаңа генерация көздері іске қосылады
Биыл Қазақстанда жалпы қуаты 2,6 ГВт жаңа генерация көздері іске қосылады. Бұл 130 мың пәтерді бір жыл қамтамасыз етуге жетеді.
Биыл Қазақстанда жалпы қуаты 2,6 ГВт болатын жаңа генерация көздерін іске қосу жоспарланған. Бұл көлем 130 мың пәтерді бір жыл бойы электр энергиясымен қамтамасыз етуге немесе халқы 400 мыңнан астам адамды құрайтын қаланың бір жылдық электр энергиясына деген қажеттілігін өтеуге жеткілікті.
Жоспар бойынша, 4 газ электр станциясы пайдалануға беріледі, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту қарастырылған. Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерінің 10 жаңа нысаны іске қосылады.
Осы жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанында елдегі электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуға мүмкіндік береді.



