Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда биыл 245 МВт жаңартылатын энергия көздері іске қосылады

Қазақстанда биыл 245 МВт жаңартылатын энергия көздері іске қосылады
Сурет: aikyn.kz

Биыл Қазақстанда жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт қуаты бар 7 нысан іске қосылды, деп хабарлайды Aikyn.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Іске қосылған нысандардың ішінде Қостанай облысындағы «Aspan Energo» ЖШС-нің 50 МВт жел электр станциясы, Маңғыстау облысындағы «Stellar Energy» ЖШС-нің 20 МВт күн электр станциясы, Қостанай облысындағы «Altyn Solar Energy» ЖШС-нің 22,6 МВт күн электр станциясы, Жетісу облысындағы «Jetisu Terra Power» ЖШС-нің 20 МВт күн электр станциясы, сондай-ақ Қарағанды облысындағы «Гиперборея» ЖШС-нің жалпы қуаты 100 МВт болатын үш жел электр станциясы бар.

Жыл соңына дейін Қызылорда облысында «Альхена» ЖШС-нің 30 МВт қуатындағы екі күн электр станциясы жобасын және Түркістан облысында «Тауэнерго» ЖШС-нің 3,2 МВт шағын гидроэлектр станциясын салуды аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

ЖЭК жобаларын іске асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның энергия теңгеріміндегі экологиялық таза генерация үлесін арттыруға ықпал етеді.