Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді

Қазақстанда 2 қыркүйектегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді. Жезқазған, Қостанай, Ақтау және Қарағандыда дефляция байқалды.

Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда 2 қыркүйектегі жағдай бойынша соңғы аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Өңірлер бойынша бірнеше қалада дефляциялық өзгерістер байқалды. Жезқазғанда баға деңгейі 0,4 пайызға, Қостанайда 0,2 пайызға, ал Ақтау мен Қарағандыда 0,1 пайызға төмендеген.

Пияздың орташа бағасы килограмына 166 теңгені құрады, ең төмен баға Түркістанда – 135 теңге. Сәбіздің орташа бағасы 238 теңге, ал Павлодарда ең арзан – 155 теңге. Картоптың орташа бағасы 234 теңге, ең қолжетімді баға Павлодарда (169 теңге) және Қостанайда (183 теңге) тіркелді.

Қызанақтың орташа бағасы 546 теңге, Таразда ең төмен – 315 теңге. Ет өнімдерінен сүйекті сиыр етінің орташа бағасы 3 804 теңге, тауық еті 1 746 теңге болды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі апта сайын есептеліп, барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда бақыланады. Деректерді Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» жүйесінен көруге болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген, оған 31 өнім кіреді.