Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстанда 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Сауда, білім беру және өнеркәсіп салалары көш бастап тұр.

Қазақстанда 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды
Сурет: aikyn.kz

2026 жылдың екінші тоқсанында жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9,4 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 7,3 миллионы жалдамалы жұмысшылар, ал 2,1 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда саласында – 16,8 пайыз. Келесі орындарда білім беру (13,3 пайыз), өнеркәсіп (12,4 пайыз), ауыл шаруашылығы (10,5 пайыз), көлік және қоймалау (7,1 пайыз), құрылыс (6,8 пайыз), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (6,6 пайыз) салалары тұр.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артқан. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлік операциялары саласында байқалады – 37 мың адам. Білім беруде 31,1 мың, денсаулық сақтауда 21,2 мың адамға көбейген.

Сонымен қатар, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында 15,1 мың, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 7,7 мың, қаржы және сақтандыру қызметінде 7,4 мың адамға артқан.