Қазақстанда 4 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады
Қазгидромет 4 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Шаңды дауыл, найзағай, қатты жел және өрт қаупі күтіледі.
4 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Абай облысының солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде шығыста 2 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман, солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Көкшетауда да өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының тау бөктерінде түнде жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Орталықта, батыста және шығыста өрт қаупі төтенше, солтүстікте жоғары. Қонаевта өрт қаупі төтенше. Іле Алатауының тауларында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыста және солтүстікте екпіні 15-18 м/с жетеді. Өрт қаупі төтенше, Атырауда да төтенше.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман, түнде таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде де тұман.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше, Таразда да төтенше.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, найзағай. 4-6 қыркүйекте солтүстікте өрт қаупі жоғары, оңтүстік пен шығыста төтенше.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше, солтүстік-батыста жоғары. Оралда өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15 м/с жетеді. Орталықта өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта төтенше.
Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі төтенше, Қызылордада да төтенше.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында күндіз шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с. Батыста және солтүстікте өрт қаупі төтенше, орталықта жоғары. Ақтауда төтенше.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман. Павлодарда да тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Батыста және солтүстікте шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Өрт қаупі төтенше. Шымкентте жел солтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с, өрт қаупі төтенше. Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с, өрт қаупі төтенше.
Ұлытау облысында өрт қаупі төтенше, Жезқазғанда да төтенше.




