Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда 24 тамызда ауа райы қандай болады

Қазақстанда 24 тамызда ауа райы қандай болады: солтүстікте жаңбыр мен найзағай, оңтүстікте ыстық. «Қазгидромет» дауылды ескертулер жариялады.

Қазақстанда 24 тамызда ауа райы қандай болады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде 24 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Ал елдің оңтүстігі мен батысында ауа температурасы +37°C-қа дейін көтеріліп, ыстық сақталады.

Астанада күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.

Алматыда күн ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер жарияланды. Астана қаласында 24 тамызда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қаласында 24 тамызда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенші өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Түнде облыстың батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, тау бөктерінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 18-23 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы бойынша (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) 24 тамызда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с.

Ақмола облысында түнде жаңбыр, найзағай, батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз таулы аудандарында 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 24-26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында күндіз 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман күтіледі. Орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.