Қазақстанда 2 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады
Қазгидромет 2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына ескерту жариялады: шаңды дауыл, жаңбыр, найзағай, тұман және өрт қаупі күтіледі.
Қазгидромет 2 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан және шығыстан соғады, облыстың оңтүстігі мен орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да шаңды дауыл болады, желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары болады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста және таулы аудандарда екпіні 17-22 м/с болады. Облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз жаңбыр, найзағай болады, желдің екпіні 17-22 м/с жетеді.
Атырау облысы мен Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын болады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, батыста және солтүстікте екпіні 23 м/с болады. Түнде солтүстікте, шығыста және таулы аудандарда 1-3 градус үсік жүреді. Өскемен қаласында желдің екпіні күндіз 15-18 м/с болады.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде батыста және солтүстікте 15-20 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Түнде шығыста және оңтүстікте 1-3 градус үсік жүреді. Семей қаласында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батыста, солтүстікте және шығыста 2 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Астана қаласында да түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с болады. Түнде солтүстікте және шығыста 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, желдің екпіні түнде 15-18 м/с болады, түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с болады. Түнде шығыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батыста, солтүстікте және оңтүстікте топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында да түнде топырақ бетінде 3 градус үсік болады.
Қостанай облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, шығыста екпіні 15 м/с болады. Түнде шығыста 1 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батыста және орталықта тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.




