Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда 18 тамызда ауа райы қандай болады

Қазгидромет 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады: Астанада жауын-шашынсыз, Алматыда жаңбыр, Шымкентте ыстық. Көптеген өңірде өрт қаупі сақталады.

Қазақстанда 18 тамызда ауа райы қандай болады
Сурет: aikyn.kz

«Қазгидромет» РМК 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C болады.

Алматыда бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 3-8 м/с, екпіні 11 м/с-қа дейін. Түнде ауа +19…+21°C, күндіз +31…+33°C-қа дейін жылынады. Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.

Синоптиктер дауылды ескертулер жасады. Астанада 18 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай болжанады, өрт қаупі жоғары. Шымкентте 18-20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

18-19 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с.

Ақмола облысында батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында түнде батыста, солтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жауады. Жел батыстан, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда өткінші жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, шығыста, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында да өткінші жаңбыр, найзағай болжанады. Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, түнде Алакөл маңында жел екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с. Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел, екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр, найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында күндіз батыста, оңтүстікте аздаған жаңбыр, найзағай. Маңғыстауда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел, күндіз оңтүстікте, солтүстікте, солтүстік-батыста екпіні 15-18 м/с, оңтүстікте 38 градус ыстық.

Ақтөбе облысында күндіз солтүстікте, солтүстік-шығыста аздаған жаңбыр, найзағай. Қостанай облысында батыста, солтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, түнде тұман. Қарағанды облысында батыста, солтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде тұман. Ұлытау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел, күндіз солтүстікте екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Абай облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Көптеген облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.