Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстанда 10 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады

10 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында жаңбыр, найзағай, жел және шаңды дауыл күтіледі. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қазақстанда 10 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады
Сурет: inform.kz

10 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкентте ауа райына қатысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр, найзағай, күшті жел, тұман және шаңды дауыл күтіледі.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады. Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ және қатты жел болады. Батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысы, оңтүстігі және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысы мен оңтүстігінде жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында 10–11 қыркүйекте күндіз Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстік-шығысында төтенше, солтүстік-шығысы мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының орталығы, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Күндіз бұл аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, батысында күтіледі.

Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғып, батысы, солтүстігі мен таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі жарияланды.