Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңіне қатысады. Жарыс 18-20 қыркүйекте Қытайдың Чунцин қаласында өтеді. Бес спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстан құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңіне қатысады
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық спортшылар спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезекті кезеңінде бақ сынайды. Бұл дода Қытайдың Чунцин қаласында өтеді.

Жарыс 18-20 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Қазақстан атынан бес спортшы қатысады.

Ерлер арасындағы «жылдамдық» сайысында Әлихан Татамбай, Рашид Хайбуллин және Ришат Хайбуллин өнер көрсетеді. Әйелдер арасында Арина Новицкая мен Анна Баларшина ел намысын қорғайды.

ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандықтар эстафеталық сайыстарға да қатысады. Ерлер эстафетасында Рашид Хайбуллин мен Ришат Хайбуллин шығады. Әйелдер эстафетасында Анна Баларшина мен Арина Новицкая өнер көрсетеді.

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасының сапында Әлихан Татамбай мен Арина Новицкая бақ сынайды.