Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан көшпенділер ойындарында медаль есебінде көш бастап тұр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 55 медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр. Екінші орында Қырғызстан, үшіншіде Ресей.

Қазақстан көшпенділер ойындарында медаль есебінде көш бастап тұр
Сурет: aikyn.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдыңғы орынға шықты.

4 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола бар.

Екінші орында Қырғызстан құрамасы тұр. Қырғыз спортшылары 58 медаль жинады: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орынды Ресей құрамасы иеленді (4 алтын, 6 күміс, 13 қола).

Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасындағы 42 спорт түрінің 31-і бойынша жарыстарға қатысты. Олар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлде алды.

Жарыстар әлі жалғасып жатқандықтан, командалардың медаль есебіндегі орындары өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары тағы 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысуда.