Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Аустралияны жеңді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші ойынын өткізді. Бұл жолы қарсылас Аустралия командасы болды.

Кездесу қазақстандық спортшылардың толық басымдығымен өтіп, есеп 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) болды. Осылайша, ұлттық құрама турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

ҚР ҰОК мәліметінше, келесі ойында қазақстандық волейболшылар 25 тамызда Таиланд құрамасымен кездеседі.