Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан армрестлингтен 7 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында армрестлингтен 7 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан армрестлингтен 7 алтын медаль жеңіп алды
Сурет: aikyn.kz

Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы армрестлингтен 7 алтын медаль иеленді.

65 келі салмақта Ұлжан Оралбай сол және оң қол сайыстарында күміс жүлдеге ие болды. +65 келі салмақта Мелена Сыдықжанова екі қол сайысында да жеңіске жетіп, екі алтын медаль алды.

70 келіде Бақыт Ақжігітов сол қол сайысында күміс, оң қол сайысында қола жүлде иеленді. 80 келі салмақта Данил Устинов сол қол сайысында алтын, оң қол сайысында күміс медаль жеңіп алды.

90 келіде Нұрдәулет Айдархан екі қол сайысында да қарсыластарынан басым түсіп, екі дүркін чемпион атанды. +90 келі салмақта Медет Құттымұратов та сол және оң қол сайыстарында алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан армрестлингшілері жарысты 7 алтын, 3 күміс және 1 қола медальмен қорытындылады.