Қазақстан әл-ауқат индексінде 66-орында тұр
Қазақстан әлемнің 167 елі қамтылған әл-ауқат индексінде 66-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз Орталық Азиядағы ең үздік нәтижеге ие.
Соңғы жылдары Қазақстан бұл рейтингте 17 сатыға жоғарылаған. Индекс елдердің экономикасын, капиталын, өмір сапасын, өмір сүруге қолайлылығын және басқа да маңызды көрсеткіштерді ескереді.




