Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қасым-Жомарт Тоқаев VI көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев VI көшпенділер ойындарының ашылуына қатысты
Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін «Бішкек Арена» стадионына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Стадионда Қазақстан Президентін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.