Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қарағанды облысындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысындағы табиғи өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда. ТЖМ мен жергілікті органдардың 200-ге жуық қызметкері мен 60 техникасы жұмылдырылған.

Қарағанды облысындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда
Сурет: aikyn.kz

Қарағанды облысының бірнеше ауданында табиғи өрттерді жою шаралары әлі де жүргізілуде. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдіктердің шамамен 200 қызметкері мен 60 бірлік техникасы өртке қарсы күреске тартылған.

ТЖМ хабарлағандай, Бұқар жырау ауданындағы Суықсу, Шет ауданындағы Ақбауыр, Қарқаралы ауданындағы Бесоба және Жаңатоғай елді мекендерінің маңындағы өрттер толығымен сөндірілді. Ал Қарқаралы ауданындағы Ынталы ауылы төңірегіндегі өрт оқшауланған.

Қазіргі уақытта Ақтоғай ауданындағы Ақши ауылы маңындағы жекелеген ошақтар мен Қызылтау тауларының жетуі қиын аймағында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Күшті жел мен күрделі таулы рельеф өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр.

Ахуалды бағалау үшін әуеден барлау жүргізіліп, қол жетпейтін учаскелерге қосымша күштер жеткізілген. ТЖМ мәліметінше, елді мекендерге, қыстаулар мен егістік алқаптарға қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.