Жастар некені отбасы құрудың негізі деп санайды
Жастар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 58,5%-ы некені ең алдымен отбасы құру мақсатындағы ерлі-зайыптылар одағы ретінде қабылдайды.
Сонымен қатар, некеге тұрудың басты себебі ретінде 65,6% махаббатты атаса, 16,7% ортақ көзқарастар мен мүдделерді, 7,3% балалы болуды, ал 5,9% ата-анадан тәуелсіз болуды көрсеткен.
Бұл деректер жас буынның басым бөлігі үшін некенің отбасылық және эмоциялық мәнін сақтап отырғанын көрсетеді.



