Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Жапонияда энергетикалық кедейлік: әрбір оныншы отбасы қиын жағдайда

Жапонияда энергетикалық кедейлік өршіп тұр: үй шаруашылықтарының 10%-ы электр энергиясын тұтынуды қысқартуға мәжбүр.

Жапонияда энергетикалық кедейлік: әрбір оныншы отбасы қиын жағдайда
Сурет: baq.kz

Жапонияда электр энергиясын тұтынуды денсаулыққа қауіпті деңгейге дейін қысқартуға мәжбүр тұрғындар саны артып келеді. Бұған халық табысының төмендеуі, энергия бағасының өсуі және геосаяси дағдарыстар себеп болған.

Цукуба университетінің профессоры Синъитиро Окушиманың зерттеуіне сәйкес, қазір елдегі үй шаруашылықтарының шамамен 10 пайызы энергетикалық кедейлік жағдайында өмір сүреді. Бұл көрсеткіш соңғы онжылдықта айтарлықтай өскен.

Жағдайдың күрделенуіне 2011 жылғы «Фукусима-1» АЭС апатынан кейінгі энергетикалық өзгерістер, әлемдік энергия нарығындағы күйзелістер және иенаның әлсіреуі ықпал еткен. Бұл факторлар электр энергиясының қымбаттауына алып келді.

Food Bank Sendai ұйымының өкілі Саори Касахараның айтуынша, кейбір отбасылар күнделікті шығындарын өтей алмай, «жылу мен тамақтың бірін таңдауға» мәжбүр. Бұл — энергетикалық кедейліктің ең өткір көрінісі.

Мәселенің негізгі себептерінің бірі – халық табысының төмендігі. Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің дерегінше, ел тұрғындарының шамамен 15 пайызы салыстырмалы кедейлік жағдайында өмір сүреді. Сарапшылар энергетикалық кедейлікке электр энергиясының қымбаттауы мен тұрғын үй жағдайының да әсер ететінін атап өтеді.