Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -2° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ISU Төрт құрлық чемпионатын Алматыда өткізеді

ISU 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын Астанадан Алматыға ауыстырды. Жарыс 9-14 ақпанда «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

ISU Төрт құрлық чемпионатын Алматыда өткізеді
Сурет: baq.kz

Мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионаты Астананың орнына Алматыда өтеді. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) хабарлады.

Бастапқы жоспар бойынша жарыс Астанада өткізілуі тиіс еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісімге келу нәтижесінде чемпионатты Алматыға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

ҚР ҰОК мәліметінше, байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында «Алматы Арена» кешенінде өтеді.

Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.

2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған.