Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Испанияның Cuatro арнасы Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігін талдады

Испанияның Cuatro телеарнасы Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына арналған сюжет көрсетті.

Испанияның Cuatro арнасы Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігін талдады
Сурет: aikyn.kz

Испаниядағы Mediaset España медиа тобына қарасты Cuatro телеарнасы Димаш Құдайбергеннің вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы сюжетті эфирге шығарды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Репортаж тележүргізуші Марта Рейеро жүргізген жаңалықтар бағдарламасында көрсетілді. Журналист Ноэми Баутиста оториноларинголог дәрігер Эстер Сота Эгисабальмен бірге Димаштың дауыс ерекшеліктері мен вокалдық диапазонына қатысты талдау жасады.

Эфир барысында Димаштың «SOS», «Diva Dance» және «Stranger» композициялары көрсетіліп, әншінің вокалдық диапазоны мен дауыс ерекшеліктеріне айрықша назар аударылды.

Сондай-ақ Димаштың вокалдық мүмкіндіктері Мэрайя Кэри, Лучано Паваротти және Мария Каллас секілді әлемге танымал әншілермен салыстырылды.

Бағдарлама жүргізушісі Димаш дауысының мүмкіндіктерін атап өтіп, «адамзат үшін мүмкін еместей дауыс» деп сипаттады.