Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ІІМ жылдамдықты асыру бойынша қате айыппұлдарды түсіндірді

ІІМ тасжолдардағы жылдамдықты асыру бойынша қате айыппұлдарға қатысты түсінік берді.

ІІМ жылдамдықты асыру бойынша қате айыппұлдарды түсіндірді
Сурет: aikyn.kz

Ішкі істер министрлігі ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате қалыптастырылған нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, қазір тасжолдардағы жылдамдыққа қатысты айыппұлдар бойынша жүргізушілер тарапынан көптеген сұрақтар туындаған. Осыған байланысты не болғанын қысқаша түсіндіру қажет деп санайды.

13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау орын алған. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген.

Қазір әріптестермен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады.

Мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдар туралы болып отыр. Мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай бақылауда, – деді Мұрат Қабденов.