Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Хайен: 18 жастағы Сәтпаев алаңдағы үздік ойыншы болды

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен «Норвичке» қарсы матчтан кейін қазақстандық Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалап, оны алаңдағы үздік ойыншы деп атады.

Хайен: 18 жастағы Сәтпаев алаңдағы үздік ойыншы болды
Сурет: aikyn.kz

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен «Норвич» клубына қарсы ойыннан кейін қазақстандық Дастан Сәтпаевтың өнеріне баға берді. Кездесу 4:1 есебімен «Норвичтің» пайдасына аяқталды.

«Бүгін Дастанды да көрдіңіздер. 18 жастағы жігіт алаңдағы үздік ойыншы болды. Оның командаға берген энергиясын, команда үшін қалай күрескенін көрдіңіздер. Барлық ойыншы дәл осындай ойын көрсетуі керек», – деді Ники Хайен.

Бас бапкер басқа футболшылардың да өз ойынына баға беріп, қорытынды жасауы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, команда нәтижені біртіндеп жақсартуға тырысады.

«Норвичке» қарсы кездесу Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы толық матчы болды. Ол ойынды негізгі құрамда бастап, 90 минут алаңда өткізді.