«Гүлдер» ансамблі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Гран-при алды
«Гүлдер» ансамблі Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Гран-при иеленді.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Қазақконцерт» ұйымының «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Гран-при иеленді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.
Қазақстандық ұжым Nomad Fest фестивалі аясында өткен халықаралық «Этно-би» байқауында өнер көрсетті.
Байқау барысында «Гүлдер» ансамблі TURAN ансамблінің музыкасына қойылған «Ер Тұран» және STEPPE SONSE тобының музыкасына жазылған «Қорқыт» хореографиялық қойылымдарын ұсынды.
Қазылар алқасы бишілердің орындаушылық шеберлігін және қойылымдардың кәсіби деңгейін жоғары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша Анвара Садықова мен «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Гран-при иеленді.




