Грек-рим күресінен Гран-приде Қазақстан құрамасы 15 медаль жеңіп алды
Дортмундтағы грек-рим күресінен Гран-приде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады.
Дортмундта өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.
Отандық балуандар жарыста 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.
Алтын жүлдені Арсен Жұма (55 кг), Айбек Айтбеков (60 кг), Айдос Сұлтанғали (63 кг), Бағдат Сабаз (67 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Мерей Мәулитқанов (77 кг) иеленді.
Күміс медаль Дәулет Әшірханов (63 кг), Алматбек Аманбек (72 кг), Ибрагим Магомадов (82 кг) және Джохар Узаровқа (130 кг) бұйырды.
Қола жүлдегерлер қатарында Аманғали Бекболатов (60 кг), Ғалым Қабдунасаров (63 кг), Мәди Данелов (72 кг), Омар Сатаев (82 кг) және Диас Кален (87 кг) бар.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте алдыңғы орынға шықты.




