Гимнастикадан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Роттердамда (Нидерланд) өтетін спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан алты спортшы қатысады. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметіне сүйеніп хабарлаймыз.
Ел намысын Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов және Роман Хегай қорғайды.
Әлем біріншілігі 17-25 қазан аралығында өтеді. Бұл додада 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.




