Газадан медициналық эвакуацияны мыңдаған науқас күтіп отыр
ДДСҰ өкілі Газада мыңдаған науқастың медициналық эвакуацияны күтіп жатқанын мәлімдеді. 2023 жылдан бері 12 913 науқас эвакуацияланған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілі Тарик Яшаревич Газа секторында мыңдаған науқастың әлі де медициналық эвакуацияны күтіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Оның айтуынша, 2023 жылғы қазаннан бері Газадан 12 913 науқас, оның ішінде 6 186 бала медициналық эвакуацияланған. Сондай-ақ олармен бірге шамамен 16 мың еріп жүруші де эвакуацияланған.
Медициналық эвакуация аптасына 3-4 рет жүргізіледі. 2-8 тамыз аралығында 101 науқас пен 164 еріп жүруші Газа секторынан шығарылған.
«Мыңдаған пациенттер әлі де медициналық эвакуацияны күтуде», – деді ДДСҰ өкілі.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы қазаннан бері Израильдің анклавқа жасаған шабуылдарынан 73 386 адам қаза тауып, 174 256 адам жараланған.




