Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Францияда кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салу жоспары тоқтатылды

Франция Конституциялық кеңесі 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу заңын мақұлдамады. Президент Макрон жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Францияда кәмелетке толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салу жоспары тоқтатылды
Сурет: baq.kz

Францияның Конституциялық кеңесі 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заңды мақұлдамады. Бұл шешім елдегі кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған бастаманы уақытша тоқтатты.

Кеңес мұндай шектеу балалардың сөз бостандығы мен коммуникация құқығына шамадан тыс әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ құжатта пайдаланушылардың жасын тексеру кезінде жеке өмірге қатысты құқықтық кепілдіктер жеткіліксіз деп танылды.

Заң жобасын Франция парламенті шілде айында қабылдаған еді. Оған сәйкес 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерде жаңа аккаунт ашуға тыйым салынып, қолданыстағы аккаунттар төрт ай ішінде жабылуы тиіс болатын. Платформаларға пайдаланушылардың жасын тексеру жүйесін енгізу міндеті де жүктелген еді.

Президент Эммануэль Макрон бұл шешімнен кейін бастамадан бас тартпайтынын мәлімдеп, премьер-министр Себастьен Лекорнюға Конституция мен Еуропа заңнамасына сәйкес жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Бастаманың негізгі мақсаты – балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контент пен онлайн қауіптерден қорғау. Франция билігі жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалануына байланысты қауіптерге алаңдап отыр.

Осылайша, 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салу әзірге Францияда күшіне енбейді.