Францияда аптап ыстықтан 7 мыңнан астам адам қаза тапты
Франция денсаулық сақтау министрі Стефани Рист шілде айының соңына дейін аптап ыстықтан 7 мыңнан астам адам қаза тапқанын мәлімдеді.
Францияда биылғы жазда бірнеше рет қайталанған аптап ыстық салдарынан 7 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, ел үш ай бойы аномальды ыстықтан зардап шегіп келеді. Ол телеарна эфирінде бұл жағдайдан бірнеше қорытынды жасауға болатынын, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесі төтеп беріп отырғанын, алайда шілде айының соңына қарай 7 мың артық өлім тіркелгенін жеткізді.
Стефани Рист аптап ыстықтың құрбандары негізінен ірі қалаларда тұратын жалғызбасты адамдар екенін атап өтті. Сонымен қатар ол қалыптасқан жағдайға қарамастан, Франциядағы ыстықтан болатын өлім көрсеткіші Германиямен салыстырғанда төмен екенін қосты.




