Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Еуропаның алғашқы коммерциялық зымыраны орбитаға шықты

Еуропаның алғашқы коммерциялық зымыраны орбитаға шықты
Сурет: baq.kz

Германияның Isar Aerospace стартапы Spectrum зымыранын Норвегиядағы Андойя ғарыш айлағынан сәтті ұшырды. Бұл континенттік Еуропадан орбитаға жеткен алғашқы коммерциялық ұшу болды.

Экипажсыз Spectrum бес шағын спутник пен технологиялық сынақтарға арналған эксперименттік жабдықтарды тасымалдады. Зымыран шағын және орта пайдалы жүктерге арналған.

Компания негізін қалаушы әрі бас директоры Дэниел Мецлердің сөзінше, енді спутниктерді ұшыру бағдарламасын кеңейту жоспарлануда. Қазір тағы бес зымыран дайындалуда, ал ұзақ мерзімді жоспар – жылына шамамен 40 ұшырылым.

Бұл Isar Aerospace үшін екінші әрекет. 2025 жылы алғашқы Spectrum дәл осы айлақтан көтерілген соң теңізге құлап, жарылған еді. Содан зардап шеккендер болмады.

Германия канцлері Фридрих Мерц бұл ұшырылымды «жаңа дәуірдің бастауы» деп атады. ЕО-ның қорғаныс және ғарыш жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс Еуропаның ғарышқа тәуелсіз қол жеткізу мүмкіндігіне серпін бергенін айтты.

Компания Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында екінші ұшыру алаңын салуда, ол 2028 жылы іске қосылуы мүмкін. Сондай-ақ Isar Aerospace Еуропалық ғарыш агенттігінен жаңа зымырандар мен инфрақұрылымды дамытуға шамамен 200 млн еуро алған.