Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Этан мен пропан тасымалдайтын құбырларға қойылатын талаптар бекітілді

Қазақстанда этан мен пропан тасымалдайтын магистральдық құбырларға қойылатын талаптар бекітілді.

Этан мен пропан тасымалдайтын құбырларға қойылатын талаптар бекітілді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан Энергетика министрлігі сұйытылған этан мен пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптарды реттейтін ұлттық техникалық регламентті бекітті. Тиісті бұйрыққа 2026 жылғы 29 шілдеде министр қол қойды.

Құжат плюс 20 градус температурада қаныққан бу қысымы 0,2 МПа-дан асатын сұйытылған этан мен пропан фракцияларын тасымалдайтын құбырларды жобалау, салу, пайдалану, консервациялау және жою кезінде міндетті талаптарды белгілейді. Сондай-ақ регламентте олардың сәйкестігін бағалау қағидалары қамтылған.

Техникалық регламент «Атырау облысында магистральдық құбыржолдарын (этан, пропан) бірыңғай дәлізде салу» жобасын іске асыру аясында әзірленді. Бұл жоба «Теңізшевройл» ЖШС объектілері мен Теңіз кен орнындағы газ бөлу кешенінен сұйытылған этан мен пропан фракцияларын «НИНТ» арнайы экономикалық аймағындағы Қарабатан газ-химия кәсіпорындарына дейін тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа регламенттің қабылдануы аталған жобаны іске асыруға және тиісті құбырларға міндетті талаптарды белгілеуге нормативтік негіз береді. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.