Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін турнирде өнер көрсетеді

Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін турнирде өнер көрсетеді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар 28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Оның қарсыласы – Өзбекстаннан шыққан муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов. Екі спортшы екінші орта салмақта кәсіби бокс ережесі бойынша шаршы алаңға шығады.

Бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтардың Артём Тарасовпен өткен кездесуінен кейінгі алғашқы айқасы болмақ.

Жекпе-жек Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады.