Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 қазан 2026, жексенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +13° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Эр-Рияд әуежайына зымыран шабуылы: 12 адам қаза тапты

Эр-Рияд халықаралық әуежайына зымыран шабуылы салдарынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды.

Эр-Рияд әуежайына зымыран шабуылы: 12 адам қаза тапты
Сурет: aikyn.kz

Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядтағы халықаралық әуежайға жасалған зымыран шабуылынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық авиация басқармасы мәлімдеді.

Қаза тапқандардың төртеуі — Сауд Арабиясы азаматтары. Қалғандары Бангладеш, АҚШ, Мысыр, Иордания, Сирия, Палестина және Судан елдерінің азаматтары.

Шабуыл салдарынан әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Бірқатар рейс кейінге шегеріліп, кейбір ұшақтар басқа әуежайларға бағытталды.

Сауд Арабиясы бастаған коалиция шабуылды Йемендегі хуситтер қозғалысымен байланыстырды. Алайда қозғалыс өкілдері бұл шабуылға жауапты екенін мәлімдемеді.

Зардап шеккендер арасында жағдайы ауыр адамдар бар. Әуежай нысандарына келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.