Эр-Рияд әуежайы 17 қазанға дейін жабық тұрады
Сауд Арабиясы билігі Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайдың жұмысын 17 қазанға дейін тоқтатты. Бұл шешім зымырандық шабуылдар легінен кейін қабылданды.
Әуежай 10 қазаннан бері жабық. Уақытша тоқтату нысандардың қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын тексеру үшін қажет.
Йемендік хуситтердің соққысынан кемінде 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды. Кейін әуежай терминалдарына бірнеше рет соққы жасалып, Пәкістанның бір азаматы қаза тапты, тағы 11 адам жарақат алды.
Ірі халықаралық әуе тасымалдаушылары Эр-Риядқа қатынайтын рейстерін тоқтатты.
Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы елде жүрген қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын.




