Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
22 қазан 2026, бейсенбі USD 448,6 EUR 503,8 RUB 5,48 CNY 67,2 Астана +3° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ЕО Кеңесі баспанасыздықпен күреске 27 елді шақырды

Еуропалық Одақ Кеңесі 27 мүше елді баспанасыздықты азайтуға және тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруды қысқартуға шақырды. Ұсыныстар міндетті емес.

ЕО Кеңесі баспанасыздықпен күреске 27 елді шақырды
Сурет: baq.kz

Еуропалық Одақ Кеңесі мүше мемлекеттерді баспанасыздықтың алдын алу және тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруды қысқарту шараларын қабылдауға үндеді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Ұсыныстар қатарында жалдау ақысын төлеуге шұғыл қаржылай көмек, берешекті реттеу жөніндегі кеңес, балалар мен әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ баспанасыз адамдарға арналған бірыңғай қызмет көрсету орталықтарын құру бар.

Сонымен қатар әлеуметтік және қолжетімді тұрғын үй қорын кеңейту мақсатында жаңа үйлер салуға, ескі ғимараттарды жаңартуға және тұрғын үй құрылысына инвестиция тартуға басымдық беру ұсынылды.

Бастама Еуропада тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты наразылықтар күшейген кезде жарияланды. Deutsche Bank Research деректері бойынша, 2025 жылы Лиссабонда жалдау шығындарының табысқа қатынасы 116%-ға жеткен.

ЕО Кеңесінің ұсынымдары міндетті емес, олар мүше елдерге баспанасыздық пен тұрғын үй мәселесін шешуде бағыт береді.