Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Рыбакина US Open чемпионы атанып, әлемнің бірінші ракеткасы болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open финалында Арина Соболенконы үш сетте жеңіп, мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді және әлемнің…

Рыбакина US Open чемпионы атанып, әлемнің бірінші ракеткасы болды
Сурет: baq.kz

Америка Құрама Штаттарында өткен US Open турнирінің финалында қазақстандық Елена Рыбакина кейінгі екі жылдың жеңімпазы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен үш сетте ұтты. Осы жеңіспен 27 жастағы теннисші мансабында үшінші рет «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарды.

Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы Wimbledon және 2026 жылы Australian Open жарыстарында жеңіске жеткен болатын. US Open-дегі триумфінен кейін Қазақстан US Open тарихында чемпионы шыққан 19-шы ел атанды.

Жеңіс үшін Елена Рыбакина 5,5 млн доллар сыйақы иеленді. Сондай-ақ ол әлемдік рейтингте көш бастап, жылдың қорытынды турниріне жолдама алды.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтингінде көш бастады. 14 қыркүйекте Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Бұл – қазақстандық теннис тарихындағы айтулы жетістік.

Осы орайда Мемлекет басшысы теннисшіні «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.