Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Электросамокаттарға қатысты жаңа заң талаптары күшіне енді

Электросамокаттарға қатысты жаңа заң талаптары күшіне енді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстанда электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолында жүруіне заң жүзінде тыйым салынды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Соңғы жылдары бұл мәселе тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келді. Тротуарда ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі маңызды, әсіресе балалар, қарт адамдар және баламен жүретін ата-аналар үшін. Статистика да мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр.

Жыл басынан бері электросамокаттарға қатысты 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапқан.

Айта кету керек, электросамокаттарға толық тыйым салынбады. Тек оларды пайдалану орны мен тәртібі нақты белгіленді.

Полиция жаңа талаптардың сақталуын толық бақылауға дайын. Бақылау тек көшедегі патрульдермен шектелмейді, сонымен қатар бейнебақылау камералары, техникалық тіркеу құралдары мен дрондар қолданылады. Ірі қалаларда электросамокатпен жүретін полицияның мобильді топтары жұмыс істейді. Бұл оларға самокаттар көп жүретін жерлерде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Полиция қызметкері көрінбесе де, бақылау жоқ деген сөз емес — құқық бұзушылық техникалық құралдар арқылы тіркеліп, заң аясында шара қабылданады.

Электросамокаттарды жалға беретін компанияларға да талаптар қойылды. Барлық оператор жаңа ережелерден хабардар және оларды орындауға міндетті.

ІІМ-нің мәлімдеуінше, басты міндет — жаңа талаптардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету. Тротуар жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз болуы керек, ал электросамокат пайдаланушылар белгіленген тәртіпті сақтауы қажет. Бұл өзгерістер қоғамның қауіпсіздікке деген сұранысынан туындап отыр. Полиция тиісті бақылауды қамтамасыз ететінін жеткізді.