Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Дулығасыз мотоцикл жүргізген азамат әкімшілік қамауға алынды

Дулығасыз мотоцикл жүргізген азамат әкімшілік қамауға алынды
Сурет: aikyn.kz

Облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қала көшелерінің бірінде мотоциклді қорғаныш дулығасынсыз басқарып келе жатқан азаматты анықтады.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мотоциклді тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығының жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар, мотоциклге орнатылған мемлекеттік тіркеу нөмірінің жалған екендігі де белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.