Динара Дауылқызы U20 әлем чемпионатында қола үшін күреседі
Қазақстандық балуан Динара Дауылқызы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Дауылқызы Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны сенімді түрде жеңді. Енді қола медаль үшін өтетін белдесуде Динара Өзбекстан өкілі Сакибжамал Есбосыновамен кездеседі.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.




