Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Делиде бес қабатты үй құлап, 50-ге жуық адам қамалып қалды

Делиде бес қабатты үй құлап, 50-ге жуық адам үйінді астында қалды. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр, кемінде бір адам қаза тапты.

Делиде бес қабатты үй құлап, 50-ге жуық адам қамалып қалды
Сурет: baq.kz

Үндістанның астанасы Делиде бес қабатты тұрғын үй құлап, салдарынан ондаған адам үйінді астында қалуы мүмкін. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

ВВС деректеріне сүйенсек, оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен 13:30 шамасында Делидің оңтүстік-батысындағы Сатья-Никетан ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат құлаған кезде ішінде 50-ге жуық адам болған.

NDTV полицияға сілтеме жасап, кемінде бір адам қаза тапқанын, тағы екі адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Қазіргі уақытта алты адам құтқарылды.

Дели университетінің кампусына жақын орналасқан Hostel Daze ғимаратының жертөлесінде құрылыс жұмыстары жүргізілген. Жексенбі демалыс күні болғандықтан, көптеген студент бөлмелерінде болуы мүмкін. Жергілікті билік өкілінің мәліметінше, үйінді астында қалған кейбір студенттер телефон арқылы байланысқа шыққан.

Көрші дүкен иесі ANI агенттігіне жертөледе жер қазу жұмыстары жүргізілгенін айтқан. Оның сөзінше, ғимараттың төменгі бөлігіндегі бағаналар әлсіз болған. Алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталған жоқ.

Дели бас министрі Рекха Гупта көршілес ғимараттың сақтық шарасы ретінде эвакуацияланғанын хабарлады. «Үйінді астында қалған адамдарды қауіпсіз құтқару үшін барлық күш-жігер жұмсалып жатыр», – деді ол.

Полиция мәліметінше, құлаған ғимараттың салынғанына шамамен 40–50 жыл болған. Құқық қорғау органдары ғимарат иесін іздестіріп жатыр. Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүргізілуде.