Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға ауысуы туралы алғашқы пікірін білдірді

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқаннан кейін алғашқы пікірін білдіріп, жаңа командадағы мақсатын айтты.

Дастан Сәтпаев «Бернлиге» жалға ауысуы туралы алғашқы пікірін білдірді
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқаннан кейін алғаш рет пікір білдірді.

Ағылшын клубы 18 жастағы қазақстандық футболшының 2026/27 жылғы маусымға жалға алынғанын ресми түрде жариялады. Келісім рәсімделгеннен кейін Сәтпаев алғашқы әсерімен бөлісіп, жаңа командадағы мақсаты туралы айтты.

«Мұнда келгеніме өте қуаныштымын. Бұл – менің мансабым үшін тамаша мүмкіндік. «Бернли» – өз мүмкіндігімді көрсете алатын және команданың өзіне лайықты орнына қайта оралуына көмектесе алатын керемет клуб. Бұл – Англияда өнер көрсетудегі алғашқы тәжірибем. Енді мансабымның жаңа кезеңін бастауға және «Бернлиде» сәтті өнер көрсетуге дайынмын», – деді Сәтпаев клубтың баспасөз қызметіне.